«Жас өнертапқыштар» сайысынан 1 орын
Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Аудандық білім бөлімі қолдауымен, «Жастар одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында аудандық «Жас өнертапқыштар» сайысы өтті. Сайысқа №195 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ерғалиқызы Құттықыз қатысып, "Ақылды үй" жобасы бойынша 1-орынды иеленді. Жетекшісі: Ахметов Оспан. Құттықызды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз