30
апрель
2024
«Бір шаңырақ астында»
195 мектеп-гимназиясының Нишанбаева Сапаргул жетекшілік ететін 3а-сыныбында «Бір шаңырақ астында» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: 1-Мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Оқушылар түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киіп, әнін айтып, биін биледі. Сонымен қатар көрініс қойылып, өлеңдер оқылды. Тәрбие сағаты оқушылардың көңілінен шығып, жақсы дәрежеде өтті.
